Ауа райы
Нұр-Сұлтан 7 °С
Алматы 15 °С
валюта бағамы
USD 384.05
EUR 432.79
RUB 5.96
CNY 55.46

Ақтөбеде көпбалалы аналарды білікті дәрігерлер қарап жатыр

2019 жылдың 7 наурыз 2019 19:24 781

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат -Биыл Ақтөбеде 36 санитарлық автокөлік сатып алынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбеде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Nur Otan» партиясының съезінде берген тапсырмаларын орындау мақсатында жан-жақты жұмыс жүріп жатыр. Әлеуметтік сала мамандары баспасөз мәслихатында қолға алынған істерді баяндады. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиевтің айтуынша, биыл Ақтөбеде учаскелік дәрігерлердің жүктемесін азайту жұмысы жүреді. Бір дәрігерге 1500 адам міндеттеледі. Сондықтан осы жылы өңірде қосымша 23 учаске ашылады.

«Қан қысымының жоғарылауы, созылмалы жүрек жетіспеушілігі және қант диабетіне шалдыққан адамдарды бақылау күшейді. Осы үш дерт есепте тұрған адамдардың 70 пайызын қамтиды. Жүкті әйелдер мен жүктілікті жоспарлау да бақылауда болады. Учаскелік дәрігерлердің еңбекақысына 20-25 пайыз ақша қосылады. Қазір бұл жұмыс іске асырылып жатыр. Ол үшін республикалық бюджеттен 288 миллион теңге көлемінде қаржы бөлінді. Қазір 1041 медицина қызметкер арнайы сертификат алып, жұмыс істеп жатыр», - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиев.

Ақтөбеде ауылдағы медциналық қызметтің қолжетімділігін қамтамасыз ету де жоспарланды. Өткен жылы 18 медициналық нысан іске қосылды. Биыл 10 дәрігерлік амбулатория, фельдшерлік бекет салынады. Сонымен қатар, Ақтөбе облысына 36 санитарлық автокөлік сатып алу жоспарланды. Оның 13-і реанимобиль, 3-і жылжымалы медциналық кешен болады.  

«Өткен жылы 34 ауылға жылжымалы медциналық кешен барды. Кардиодесант, онкодесант жұмыс істеп тұр. Мобильді кластермен ауылға барып, көпбалалы, мұқтаж отбасындағы әйелдерді тексеру жүріп жатыр. Сенбі сайын емдеу мекемелерінде ашық есік күні өтуде», - деді Әсет Қалиев. 

 

 

Жоғары қарай