Ауа райы
Нұр-Сұлтан 19 °С
Алматы 33 °С
валюта бағамы
USD 378.65
EUR 430.07
RUB 6.00
CNY 55.10

Ақтөбеде құс фабрикасында өрт болды

2019 жылдың 7 наурыз 2019 17:36 1053

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде құс фабрикасында өрт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мәлім болғандай, «Рамазан» ЖШС-ға тиесілі құс фабрикасының аумағында орналасқан цех жанған. Цех жұмыртқаға арналған қаптамалар шығарады.

«Өрт қызметіне шақырту 6 наурыз күні сағат 23:49-да түскен. Өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметі мекемесінен 73 адам және 13 техника жіберілді. Апаттар медицинасы орталығы мен Жедел құтқару жасағынан да көліктер мен адамдар, жергілікті полиция қызметі барды», - деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметінен.

Жалын 600 шаршы метр аумақты шарпыған. Зардап шеккендер мен қаза  болғандар жоқ.

 

 

 

Жоғары қарай