Ауа райы
Нұр-Сұлтан 26 °С
Алматы 29 °С
валюта бағамы
USD 378.38
EUR 431.05
RUB 6.02
CNY 55.00

Ақтөбеде ломбардты тонамақ болған қарақшы күзетшіден қорқып қашты

2019 жылдың 4 наурыз 2019 21:28 785

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде ломбардқа қарақшылық шабуыл жасаған белгісіз ер адам іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға 4 наурыз күні шамамен сағат 15:40-та болған. Нысанның бейнебақылау камерасынан алынған видео әлеуметтік желіде тарады. Онда қара түсті бетперде киіп, тапаншамен қаруланған ер адам күзетшіге қарсы екі рет оқ атқаны көрінеді. Күзетші  дереу жасырынады. Қарақшы шыны ветриналарды сындыруға кіріскен сәтте, мекеме күзетшісі қаруын алып шығып, қарсы оқ атады. Қаскөй ізін суытып үлгереді.  

«Медициналық бетперде киіп алған белгісіз біреу қолындағы травматикалық қарумен Заводская көшесіндегі ломбард қызметкерлерін қорқытып, тонамақ болды. Сол кезде күзетші қарсылық көрсеткен. Қазір оқиғаға қатысты тергеу басталды. Жедел іздестіру шаралы жүріп жатыр», - деді облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен. 

 

 

Жоғары қарай