Ауа райы
Нұр-Сұлтан 26 °С
Алматы 29 °С
валюта бағамы
USD 378.38
EUR 431.05
RUB 6.02
CNY 55.00

Ақтөбеде мектеп директорлары бастауыш сынып оқушыларына кабинетін босатып берді

2019 жылдың 1 наурыз 2019 20:58 1288

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбелік оқушылар мектеп директорларының кең кабинетіне жайғасты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Ақтөбеде бұған дейін тар сыныпта сабақ оқыған оқушылар енді директордың кең кабинетінде білім алады. «Ақтөбе - адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің ұсынысын №35 мектеп директоры Ержан Бақытбек бірден қабылдады. Ал директор 1-қабаттағы әйнектен жасалған бөлмеде отырады. Ашық әрі қолжетімді болу ұсынысын басшы бірден қабылдады. Енді директор оқушылардың сабаққа қатысуын, тәртібін қарап отырады. Қауіпсіздік те ескерілді. Ата-аналар да директордың жұмысымен таныса алады.

«Ақтөбе - адалдық алаңы» жобасы аясында директорларға кең де жайлы кабинетін балаларға беріп, бірінші қабатқа орналасу ұсынысы тасталды. Бүгін  №20, 22, 35, 36, 38 және Қызылжар орта мектебінің директорлары бірінші қабатқа түсті. Кең кабинеттерде балалар білім алатын болады», - деді ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес іс-қимыл агенттігінің облыстық департамент басшысының орынбасары Рафхат Бисенов.


null 

Ал облыстық білім басқармасының басшысы Ләззат Оразбаева ұсынысты қолдады. Алдағы уақытта мектептер мен колледж директорлары түгел бірінші қабатқа орналастырылады.



null 

null 

 

Жоғары қарай