Ауа райы
Астана -22 °С
Алматы -9 °С
валюта бағамы
USD 383.95
EUR 429.26
RUB 6.16
CNY 55.02

Ақтөбеде облыс әкімінің орынбасары тағайындалды

2019 жылдың 14 қараша 2019 14:02

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - «Ақтөбе» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының төрағасы болған Руслан Мамунов облыс әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өңір басшысы Оңдасын Оразалин облыс әкімінің экономикалық сұрақтарына жауап беретін болды. Бүгін жаңа орынбасарды ұжымға таныстырды.

«39 жастағы Руслан Маратұлы Мамунов Ақмола облысын




да туған. ҚазТұтынуОдағының экономикалық университетінде, Қазақ гуманитарлық заң университетінде білім алды. Эдинбург қаласындағы «Шотландия менеджмент және маркетинг мектебінің экономист, заңгер, МВА корпоративтік басқару мамандықтары бойынша тәмамдаған.




Еңбек жолын Ақмола облысы Ақкөл аудандық Салық комитетінде маман болып бастаған.

«ҚазМұнайГаз» АҚ менеджер, бас менеджер, Қоғамның еншілес компанияларында департамент директоры, «Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ инвестициялық жобалар және күрделі құрылыс бөлімінің басшысы, «KazSatNet» АҚ келісімшарттар бөлімінің басшысы, «Ақтөбе» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының төрағасы қызметтерін атқарды», - деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.




Жоғары қарай