Ауа райы
Астана -9 °С
Алматы -4 °С
валюта бағамы
USD 377.19
EUR 408.99
RUB 5.93
CNY 54.02

Ақтөбеде оқушылар төбелесіп, біреуі ауруханаға түсті

2020 жылдың 24 қаңтар 2020 12:19

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде оқушылар төбелесіп, біреуі жарақат алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе облыстық полиция департаментіне мектеп оқушысының ата-анасы арыз түсірді. Арызда 11 сынып оқушысының дене жарақатын алғаны жазылған.

«17 қаңтар күні Ақтөбе қаласындағы мектептердің бірінде үш оқушы төбелескен. Біреуі дене жарақатымен ауруханаға түсті. Дәрігерлер қараған соң оны үйіне жіберді. Осы дерек бойынша Қылмыстық кодекстің «Бұзақылық» бабымен іс қозғалды. Сот сараптамасы тағайындалды. Тергеу жүріп жатыр. Мектеп инспекторы жәбірленуші мен күдіктіні, ата-аналарын кездестіріп, әңгіме жүргізді», - деді ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Айта кетейік, осы оқиғадан кейін №10 орта мектепте жасөспірімдер арасындағы қылмыстың алдын алу мақсатында ата-аналармен, оқушылармен жиын өтті.

«Балаларды ата-анасы, мектеп бақылауда ұстауы қажет. Оқушы кезінде бұзық болған бала көбіне есейгенді қылмыс жасап жатады», - деп атап өтті облыстық полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Ардана Саймағамбетов.





Жоғары қарай