Ауа райы
Нұр-Сұлтан 17 °С
Алматы 29 °С
валюта бағамы
USD 383.43
EUR 429.83
RUB 5.96
CNY 55.39

Ақтөбеде оқушылардың астан улануы: Асхана иесіне айыппұл салынды

2019 жылдың 22 мамыр 2019 01:29 567

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде мектеп оқушыларының астан улану оқиғасы бойынша асхананы жалға алушы кәсіпкерге 325 АЕК көлемінде айппұл салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбеде №9 мектеп-гимназиясының асханасынан ауқаттанған балалар уланып, ауруханада ем қабылдаған болатын. Кейін кәсіпкердің санитарлық қорытынды алмай жұмыс істегені үшін мектеп директорына тәртіптік жаза қолданылды.

«Ақтөбе қалалық мамандандырылған әкімшілік сотында жеке кәсіпкерге қатысты іс қаралды. Ол ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің «Тиісті тіркеусіз, рұқсатсыз немесе хабарлама жібермей кәсіпкерлік немесе өзге де қызметпен айналысу, сондай-ақ әрекеттерді жүзеге асыру», «Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтерді бұзу» баптары бойынша жауапқа тартылды. Кәсіпкерге 820 625 теңге, яғни, 325 АКЕ көлемінде айыппұл салынды», - деп хабарлады соттың баспасөз қызметінен.

Сонымен қатар 10 күн мерзімге асхана жұмысын тоқтату шешімі шығарылды. Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

 

 

Жоғары қарай