Ауа райы
Астана 22 °С
Алматы 17 °С
валюта бағамы
USD 411.54
EUR 458.13
RUB 5.84
CNY 57.64

Ақтөбеде тағы бір адамнан коронавирус анықталды

2020 жылдың 29 наурыз 2020 23:21

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде тағы бір адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Науқас «Ақтау-Ақтөбе» рейсімен ұшып келген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Брифинг басталмас бұрын айта кетейін, тағы бір адамнан коронавирус анықталғаны белгілі болды. Науқас Ақтау қаласынан бүгін ұшып келді. Ұшақтан түскен бойда барлығы 18 адам оқшауланып, анализ алынды. Науқас инфекциялық ауруханаға жатқызылады. Өзге жолаушылар тексеріліп жатыр. Көбінің сараптама қорытындысы теріс. Вирус жұқтырған адам Түркияның Ыстанбұл қаласынан Ақтауға, Ақтаудан Ақтөбеге келген. Шетелден келетінін білген соң біз ұшақ жолаушыларын бірден бақылауға алып, тексердік «, - деді осы уақытта онлайн-брифинг өткізіп жатқан облыстық Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Нұрсұлу Беркімбаева.

Айта кетейік, Ақтөбеде 31 наурыздан бастап бірқатар шектеу қойылады.

Коронавирус анықталған алғашқы науқастың жағдайы бірқалыпты, екі аптадан соң қайта анализ алынады.


Жоғары қарай