Ауа райы
Астана 5 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 435.54
EUR 473.08
RUB 5.76
CNY 61.64

Ақтөбеде төтенше жағдайлар қызметіне 10 көлік берілді

2020 жылдың 11 қаңтар 2020 16:45

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде төтенше жағдайлар қызметінің аудандық бөлімдеріне 10 «Нива» автокөлігі берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбеде төтенше жағдайлар қызметі жылды қорытындылады. Облыс әкімінің орынбасары Рахат Сыдықов Мемлекет басшысы қойған негізгі міндеттердің бірі азаматтарды өрттен және өзге де төтенше жағдайлардан қорғау, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету екенін атап өтті. Құтқарушыларды техникалық жабдықтау, базаны жаңарту мақсатында 2020 жылы жергілікті бюджеттен 500 миллион теңгеден астам қаржы бөлінетін болды.
«Үздік құтқарушыларға арнап облыс әкімінің атынан алғыс хаттар табыс етілді. Кеңесте 2019 жылғы жетістіктер мен кемшіліктер жан-жақты талқыланды. Ақтөбелік құтқарушылар қызметі өткен жылы 890 адамды ажалдан аман алып қалды», - деді облыстық ТЖД баспасөз қызметі.


Жоғары қарай