Ауа райы
Астана 1 °С
Алматы 7 °С
валюта бағамы
USD 389.98
EUR 434.01
RUB 6.10
CNY 55.04

Ақтөбеде зейнеткер 10 күннен бері табылмай жатыр

2019 жылдың 20 қыркүйек 2019 14:37

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде 63 жастағы зейнеткер шаруа қожалығынан шығып, хабарсыз кеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жібек Әйтімбетова 10 қыркүйек күні Ақтөбе облысы, Байғанин ауданындағы «Тұрабай» шаруа қожалығынан Қарауылкелді ауылына бағыт алып, із-түзсіз кеткен. Өз үйінен шығып, 30 шақырым қашықтықта орналасқан аудан орталығына бет алған зейнеткерді сол күннен бері полиция, ауыл адамдары, туыстары, еріктілер іздеп жатыр. Бірақ еш хабар жоқ.

«Байғанин аудандық полиция қызметкерлеріне облыстық ПД-нен тағы 40 адам қосылды. Іздеу жұмыстарына кинолог жіберіліп, 130-дан астам ерікті жұмылдырыды. Бірақ нәтиже жоқ. Мемлекеттік қызметкерлер мен жастар да қосылды. Шаруа қожалағы мен 25-30 шақырым қашықтықтың бәріне барып, қарап шықты. Барлығы 200-ден астам адам мен 15 көлік жіберіліп, дронда ұшырылды», - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Айта кетейік, Нұр – Сұлтан, Алматы, Шымкент және көршілес Ресей облыстарына да ақпарат берілді. Мұғалжар, Темір, Шалқар аудандық полиция бөлімдері де іздеп жатыр.


Жоғары қарай