Ауа райы
Астана -1 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 389.75
EUR 434.26
RUB 6.12
CNY 55.05

Ақтөбеде жыл басынан бері 90 баланың жүрегіне ота жасалған

2019 жылдың 19 қыркүйек 2019 18:11

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеге Ұлттық ғылыми медицина орталығының дәрігерлері келіп, жүрегінде ақауы бар 70 баланы қарап шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Туабітті жүрек ақауымен өмірге келген балаларға жыл басынан бері ақтөбелік дәрігерлер 90 ота жасады. Оның 70-і ашық түрде жүргізілді.

«Ақтөбе балалар ауруханасындағы кардиохирургия орталығы 2009 жылдан бері жұмыс істеп тұр. Онда 3 кардиохирург жұмыс істейді. Білікті хирургтердің көмегімен туа бітті жүрегі ауыратын, тіпті шала туған балаларға да ота жасалып жатыр. Ал бүгін Ұлттық ғылыми медицина орталығының мамандары 70 баланы қарап шықты. Оның 10-ына ота жасау үшін Нұр-Сұлтан қаласына жолдама берілді», - деді облыстық балалар ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Сағидолла Досмағанбетов.

Айта кетейік, ақтөбелік балалардың жүрек ақауын қарауға Ұлттық медициналық орталықтан кардиохирург Данияр Қанжыналин мен УДЗ дәрігері Анар Серсембаева келді. Алдағы уақытта науқас балаларға жолдамамен орталықта ота жасалады.

«Жүрек ауруының да түрі көп. Егер баланың жағдайы қиын, өміріне қауіп төніп тұрса бірден ота жасалады немесе санавиация арқылы Нұр – Сұлтан қаласынан көмек аламыз. Бәріне бірден ота жасалмайды. Мәселен, жүректегі саңылау бала өсе келе бітіп кететін жағдайлар кездеседі. Бұл жақсы. Егер бақылаудағы бала суық тиіп ауырып, жүрегіндегі дерт дендеп, деміксе, дереу отаға жіберіледі», - Сағидолла Досмағанбетов.


Жоғары қарай