Ауа райы
Астана 22 °С
Алматы 23 °С
валюта бағамы
USD 386.04
EUR 427.77
RUB 5.88
CNY 54.45

Ақтөбедегі 8 өзеннің арнасын тазарту жұмыстары жүргізіледі

2019 жылдың 9 шілде 2019 21:54 1117

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде 8 өзен арнасын тазарту жұмыстары жалғасатын болды. Алдымен ескертулерге байланысты өзгертулер енгізіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Айта кетсек, Табиғат жанашырлары ағаштардың аяусыз кесіліп, бұлақ көздерінің жабылып қалғанын, апаттың алдын алу туралы айтқан соң Президент тексеруге тапсырма берді. Экология министрі Мағзұм Мырзағалиев іссапармен келіп, жұмысты уақытша тоқтатуға шешім қабылдаған еді. 

Арада екі апта өткенде тексеру комиссиясы алғашқы қорытындыны шығарды.

«Жұмыс сапарымен өзен арнасының бәрін араладық. Жоба бойынша өзен жағасынан кесілген ағаштың орнын толтыру қарастырылмаған екен. Сондықтан өзгерту енгізген кезде сол олқылықты жою керек. Өзге ескерту жоқ», - ҚР Экология, геология және табиғатты қорғау министрлігінің Орман шаруашылығы және дүниесі комитетінің төрағасы Каир Рыскелдинов.

null 

Жобалаушылар мен мердігерлер де бұл олқылықты мойындады. Мердігерлер өз есебінен ағаш отырғызуды міндетіне алатын болды.
«Су ресурстары комитеті жобаны аяқтау қажет деп біледі. Бұл су тасқыны кезінде қауіпсіз болады. Ағаш кесуде қателік кеткені рас. Мердігерлер әкімдік айтқан жерге көшет отырғызуы тиіс», - деді министрліктің Су ресурстары комитетінің төрағасы Мұрат Бисенов.



null
Ақтөбедегі өзендердің арнасын кеңейту жұмысы жалғасады. Бірақ алдымен өзгертулер енгізіледі.
«Қазіргі кезде өзгерістер енгізу туралы шешім қабылданып жатыр. Өзгерістер енгізілген соң жергілікті халыққа таныстырылып, түсіндіріледі. Жобаға өзгеріс ресми енгізілмей жұмыс жалғаспайды. Өзгертуді әкімдік пен жобалаушылар енгізеді. Кез келгеннің ұсынысын емес, мамандардың сараптамасынан өткен  ескертулерді қабылдаймыз», - деді министрліктің Экологиялық зерттеу және бақылау комитетінің төрағасы Ахметжан Пірімқұлов. 



null 

 

Жоғары қарай