Ауа райы
Астана 0 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 388.81
EUR 429.01
RUB 6.08
CNY 55.49

Ақтөбедегі фольклорлық ансамбль Димаш шырқаған әнді ұлттық аспапта орындады

2019 жылдың 7 қазан 2019 20:41

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Димаш Құдайбергеннің орындауындағы «Любовь уставших лебедей» әні ұлттық аспаптың сүйемелдеуімен көрерменге ұсынылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ғазиза Жұбанова атындағы облыстық филармонияның 75 жылдығына орай «Достық сазы» фольклорлық ансамблі концерт берді. «Мәңгілік елдің мұрасы» концерті кезінде Игорь Крутойдың «Любовь уставших лебедей» әні ұлттық аспаптың сүйемелдеуімен көрерменге ұсынылды.

Ансамбльдің көркемдік жетекшісі Бақытбек Зейнеловтің жаңа туындысына әнші Димаш Құдайберген де ризашылығын білдірді.

«Әкеммен бірге өскен жан досы, 1998 жылдан бері »Димаш Әли« шығармашылық орталығының көркемдік жетекшісі болып, ата-анамның талай әндерінің және менің орындауымдағы »Дайдидау« әнімнің аранжировкасын жасаған Бақытбек аға репертуарымдағы »Любовь уставших лебедей« деп аталатын әнімді қазақ ұлттық аспаптарына өңдеп шығарған. Маған және әннің авторы Игорь Крутой ағамызға қатты ұнады», - деп жазды Димаш Құдайберген өзінің әлеуметтік парақшасына. Танымал ән әуенінің өңделуі композитор Игорь Крутойға да ұнаған. Ол жаңа нұсқаның ерекше тартымды екенін жазған.

Жоғары қарай