Ауа райы
Астана 4 °С
Алматы 2 °С
валюта бағамы
USD 435.54
EUR 473.08
RUB 5.76
CNY 61.64

Ақтөбедегі қорықта заңсыз балық аулағандар арасында дәрігер мен төтенше жағдайлар қызметкері де бар

2020 жылдың 8 қаңтар 2020 19:50

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде қазір лауазымды қызметкерлердің балық аулап, мемлекет қорғауындағы аумаққа кіру дерегі бойынша жан-жақты тергеу басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«3 қаңтар күні ерекше қорғалатын аймаққа заңсыз кіргені үшін 7 адам ұсталды. Оларға «Жеке тұлғалардың ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жекелеген түрлерiнде болу тәртiбiн бұзу» бабы бойынша айыппұл салынды. Олардың бірі заңсыз балық аулағаны үшін жауапкершілікке тартылды. Тінту барысында мұз ою құралы, қармақ тәркіленді. Аумаққа қалай кіргенін нақты айту қиын. Темір тормен қоршалмаған, ашық алаң. Тек арнайы белгілер қойылып, тыйым салынғаны туралы ескертулер жазылған. Жеті адамның екеуі жұмыссыз. Арасында мемлекеттік қызметкерлер бар деп отыр. Ырғыз аудандық ауруханасының, төтенше жағдайлар қызметіні де мамандары бар. Олардан 9 келіден астам балық тәркіленді», - деді облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы басшысының міндетін атқарушы Әнуар Бермағамбетов.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, осы дерекке қатысты Ырғыз аудандық судьясы Бақытжан Ерлан мен прокурор Айдос Сағындықов әкімшілік жауапкершілікке тартылды.


Жоғары қарай