Ауа райы
Астана -1 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 389.75
EUR 434.26
RUB 6.12
CNY 55.05

Ақтөбедегі зауыттан хром ұрлағандар ұсталды

2019 жылдың 20 қыркүйек 2019 02:20

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбе полициясы үш КамАЗ көлігімен хром ұрлаған күдіктілерді ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өндірістік аймақтан үш КамАЗ көлігін тоқтатқан полиция қызметкерлері хромды заңсыз тасымалдау жолын анықтады.

«Хром тиеген жүк көліктерінде ешқандай құжат болмады. Жүк көліктерінің өзі жеке адамдарға тиесілі. Қазіргі кезде осы дерек бойынша соталды тергеу басталды. Ұрлыққа зауыт жұмысшыларының қатысы бар-жоғы анықталып жатыр. Бірнеше сарапатама тағайындалды», - деп хабарлады облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.


Жоғары қарай