Ауа райы
Астана 22 °С
Алматы 24 °С
валюта бағамы
USD 412.10
EUR 454.34
RUB 5.82
CNY 57.62

Ақтөбелік дәрігерлер коронавирус жұқтырған науқастың жағдайы туралы айтты

2020 жылдың 29 наурыз 2020 16:06

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде коронавирус жұқтырған науқас жұқпалы аурулар ауруханасында емделіп жатыр. Жағдайы тұрақты деп бағалануда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе облысы әкімдігі жанындағы жедел штаб мәліметіне Ақтөбе облысында эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Облыста 161 адам стационарлық карантинде жатыр. Оның ішінде 107-і Ақтөбе қаласында, 54-і облыс аудандарында. Ал коронавирус инфекциясын жұқтырған науқас инфекциялық ауруханасында ем қабылдап жатыр. Жағдайы тұрақты, температурасы және тынысы қалыпты. Халықаралық пойыздар қатынасы тоқтатылды. Облыс аумағы арқылы өтетін республикаішілік бағыттар қысқартылды.

Тұрғындардың медициналық маскалармен қамтамасыз ету 84,7% құрайды. Аз қамтылған санаттағы 943 отбасына 12,5 млн теңге көлемінде қайырымдылық көмек көрсетілді. Ақтөбе қаласы мен аудандарда дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде.

Облыста негізгі азық-түлік тауарларының 32 түрі бойынша жеткілікті қор құрылды. Call-орталыққа (906-606) тұрғындар тарапынан 1048 сұрақ түсті. Түскен сұрақтардың барлығы сала бойынша тиісті басқарма басшыларына және қала және аудан әкімдеріне шара қолдану үшін жолданды. Қоғам және мемлекеттік орган өкілдерінен тұратын ТЖ режимінің сақталуына қоғамдық бақылау топтарының жұмысы нәтижесінде 59 тәртіп бұзушылық фактілері анықталып, көңіл көтеру орындары мен компьютерлік клубтардың иелері әкімшілік жауапқа тартылды.


Жоғары қарай