Ауа райы
Астана 30 °С
Алматы 34 °С
валюта бағамы
USD 384.39
EUR 431.71
RUB 6.11
CNY 55.88

Ақтөбелік мүмкіндігі шектеулі жандар жұмысқа орналаспақ

2019 жылдың 19 маусым 2019 19:21 607

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде арбаға таңылған жандар жұмыс іздеп, әлеуеметтік көмек сұрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Nur Otan» партиясының облыстық филиалы «Кедергісіз келешек» жобасы аясында қоғамдық қабылдау өткізді. Қабылдауға 32 мүмкіндігі шектеулі жан қатысып, өз өтініштерін айтты.

«Алаш» мүгедектер қоғамының 50-ден астам мүшесі бар. Бүгін олардың көбі қоғамдық қабылдауға қатысып, риза болып шықты. Бірінің оқу ақысы төленсе, бірі мүгедектік арба алатын болды. Ал жұмысқа орналасуға көмек сұрағандар үшін жақында арнайы бос жұмыс орындар жәрмеңкесі ұйымдастырылады. Мұның бәрі біз үшін үлкен көмек. Осы орайда мүмкіндігі шектеулі жандарға қызмет көрсетуге бағытталған Coworking орталығын ашып, біздің шығармашылықпен айналысуымызға, өз мүмкіндіктерімізді дамытуға жағдай жасағаны үшін партияға алғысымды айтамын», - деді «Алаш» мүгедектер қоғамының төрағасы Әлібек Елеусізов.


null 

Қоғамдық қабылдауда өз кәсібін ашу үшін көмек сұрағандар да болды. Ақтөбе облысының  жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Гүлзада Алматбаева оларға облыс бойынша 149 грант бөлінгенін, кез келген адам өз жобасын ұсына алатынын айтып берді. Ал қалалық мәслихаттағы «Nur Otan» фракциясы мүшесі Алтынай Мұханованың қабылдауына 7 адам келді.

Депутат І-топ мүгедегі Әлібек Елеусіздің жұмысына қажетті құрал-жабдықтарды алып беруге, І-топ мүгедегі Марат Сейтимовтың оқу ақысын төлеуге, сондай-ақ кәсіпкерлердің көмегімен көпбалалы ананың саяжайдағы үйін кеңейтуге уәде берді. 


null 

 

Жоғары қарай