Ауа райы
Астана -25 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 387.16
EUR 428.47
RUB 6.08
CNY 55.13

Ақтөбенің жылу беру мекемесі тұтынушыларға қарыз болып қалды

2019 жылдың 2 қазан 2019 20:50

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбедегі «Трансэнерго» АҚ-ы инвестициялық бағдарлама аясында атқаруы тиіс жұмысты орындамаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе облыстық прокуратурасы мен Табиғи монополияларды реттеу департаменті қаланы түгел жылумен қамтамасыз етіп отырған «Трансэнерго» АҚ-ын тексерді. 2015 жылы компания Батыс-2 ауданындағы қазандық жұмысын кеңейту, жылу желісін қайта жаңғырту жұмыстарын атқаруға инвестициялық бағдарлама жасап, 600 миллион теңге жұмсалатынын мәлімдеді. Осы жұмыстар іске асу үшін сол кезде тариф те көтерілген болатын. Бірақ монополист компания жылу қазандығын кеңейту жұмыстарын мүлде атқармаған болып шықты.

«Трансэнерго» АҚ-ы 2016-2019 жылдар аралығындағы жылу маусымында 87 мың абоненттен жинаған қарызды қайтарады. Яғни, әр абонентке 1,5 және 5 мың теңге аралығында ақша қарыз болып шықты. Қайтарылатын ақы пәтердің шаршы метріне және үйдегі жылу есептеу құралына байланысты белгілі болады. 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап тұрғындар үшін тариф 4,7 пайызға арзандап, 1 Гкал үшін 2759,57 теңге болып есептеледі. Ал бұрын 1 Гкал 2 895,55 теңге болды. Сонымен қатар 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап ыстық бағасы да арзандап, 1 текше метрге 222,5 теңге болады. Жылу беру маусымы аяқталғанда 1 текше метр ыстық су 178,02 теңгені құрамақ. Бұл қазіргі тариф құнынан 4,3 теңгеге төмен», - деді Ақтөбе қаласы Алматы аудандық прокуроры Жасұлан Дәулембаев.

Жоғары қарай