Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы -5 °С
валюта бағамы
USD 386.44
EUR 428.37
RUB 6.06
CNY 54.93

Әл-Фараби мен Абай мерейтойларына үлкен мән берілуде- Сауытбек Абдрахманов

2019 жылдың 16 қыркүйек 2019 14:03

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Сауытбек Абдрахманов Мемлекет басшысының халыққа Жолдауы туралы пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өз Жолдауында Мемлекет басшысының әлеуметтік жаңғыру, білім беру сапасын көтеру, инновациялық тәсілдерді қолдану, сапалы медициналық қызмет қолжетімділігі мәселелерін көтеруі қуантады. Жастарға да ерекше көңіл бөлініп отыр. Барлық айтылған тапсырмаларды жүзеге асыру жастардың азаматтық ұстанымы мен әлеуметтік-саяси белсенділігіне байланысты», - деді Сауытбек Абдрахманов Достық үйінде Мемлекет басшысының Жолдауын талқылау жөніндегі дөңгелек үстелде.

Депутат мемлекеттік тілдің мәртебесін көтерудің маңыздылығы жөнінде әңгімеледі.

«Президент мемлекеттік тілдің мәртебесі, қазақ тілінің ұлтаралық қатынас тілі ретіндегі рөлін нығайту мәселесін көтерді. Бұл – бірнеше жылға арналған преспективалық міндет. Оған тез жетеміз деп үміттену – бекершілік. Бәлкім, біздегі біраз адам оны көрмеуі мүмкін, бірақ келешек ұрпақ туралы ойлауымыз керек. Біз осыған келе жатырмыз», - деді ол.

Сонымен бірге, С. Абдрахманов әл-Фараби мен Абай мерейтойларын өткізуге мемлекеттің үлкен мән беріп отырғанын айтты.

«Президент айтқан әл-Фарабидің 1150 жылдығы мен Абайдың 175 жылдық мерейтойын тойлау жөнінде ерекше атап өткім келеді. Мен екі комиссияның да мүшесімін, бұл мерейтойларды өткізуге ерекше көңіл бөлініп отыр. Жақында Мемлекеттік хатшы Марат Тәжин комиссия отырысын өткізіп, үлкен тапсырмалар берді», - деді Сауытбек Абдрахманов.


Жоғары қарай