Ауа райы
Астана -2 °С
Алматы -1 °С
валюта бағамы
USD 389.75
EUR 434.26
RUB 6.12
CNY 55.05

Алатау ауданында жыл соңына дейін 43 үй пайдалануға беріледі

2019 жылдың 10 қыркүйек 2019 18:44

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда Алатау ауданында жыл соңына дейін 2724 пәтерлі 43 көпқабатты үй пайдалануға беріледі. Бұл туралы бүгін қалалық әкімдікте өткен брифинг барысында Алатау ауданының әкімі Шахмерден Рыспаев мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, жыл басынан бері ауданда жалпы көлемі 77,8 мың шаршы метр болатын 1248 пәтерлі 11 көпқабатты үй берілген.
«Жыл соңына дейін 2724 пәтерлі 43 көпқабатты үйді пайдалануға беру жоспарланған. Оның жалпы көлемі – 205 мың шаршы метр. Атап айтсақ, 864 пәтерлі 9 үйден тұратын «Алатау сити» тұрғын үй кешенінің, 1120 пәтерлі 11 үйден тұратын «Алмалы» және 740 пәтерлі 23 үйден тұратын «Алғабас» тұрғын кешенінің құрылысы жүріп жатыр», - деді аудан басшысы.





Бұдан өзге, 2016-2018 жылдары ауданда 43 аулаға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Биыл 10 аула күрделі жөндеуден өтеді. Келер жылдары 53 аула жөнделеді.

Биыл 20 көпқабатты үйді жөндеу жоспарланған. Осыған орай, «Тұрғын үй» ЖШС және ПИК төрағалары, басқарушы компаниялар тұрғындармен кездесті. Нәтижесінде 32 үйдің тұрғындары модернизациялау бағдарламасына қатысуға ниет білдірді. Оның ішінде екі үйдің жөндеу жұмыстары аяқталды.

Жоғары қарай