Ауа райы
Астана 3 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 435.54
EUR 473.08
RUB 5.76
CNY 61.64

Алдағы Қысқы Олимпиада ойындарын өткізуге үш қала ұсыныс жасады

2020 жылдың 12 қаңтар 2020 12:15

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Саппоро, Солт-Лейк-Сити және Барселона алдағы Қысқы Олимпиада ойындарын өткізуге қызығушылық танытты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Оlympic.kz сайтына сілтеме жасап.

ХОК алдағы Қысқы Олимпиада ойындарын өткізу жөніндегі комиссия төрағасы Октавиан Морариу осы үш қаланың 2030, 2034 және 2038 жылдары Олимпиада ойындарына қатысуға қызығушылық танытып отырғанын мәлім етті. Румыниялық ХОК мүшесі үш жобаның «түрлі даму деңгейінде» екенін айтты.

1972 жылы Қысқы Олимпиада ойындарын өткізген Саппоро 2030 жылы көшбасшы болып отыр және үш үміткердің арасында өткізу мүмкіндігі жоғары қала. Қала мэрі Кацухиро Акимото ХОК президенті Томас Бакпен кездесуі тиіс, ал Жапония олимпиада комитеті осы айдың соңында Саппороның ХОК-пен диалог орнату туралы ресми шешім қабылдауы керек.

Астанасы Саппоро саналатын Хоккайдо муниципалитеті Жапония Олимпиада комитетінің атынан қызығушылық танытқан жалғыз өңір болып отыр.

Саппоро 2018 жылдың қыркүйегінде Хоккайдо ауданында магнитудасы 6,7 баллдық жер сілкінісінен кейін 2026 жылғы Қысқы Олимпиада мен Паралимпиада ойындарына қатысудан бас тартты.

Солт-Лейк-Ситиде де, Пиренея-Барселонада да техникалық-экономикалық тексеру жүргізілді, деп хабарлады Морариу.

АҚШ Олимпиада және Паралимпиада комитеті Солт-Лейк-Сити қаласын қысқы Олимпиада ойындарына болашақ үміткер ретінде серіктес деп таңдады, алайда қай шығарылымға үміткер болатынын анықтамады.

2002 жылы қысқы Олимпиада ойындары өткен Солт-Лейк-Ситиде бұрынғы алаңдар толықтай пайдаланылады. Пиренея-Барселона Испания сыртындағы нысандарды қолданады. Себебі, қалада шаңғы тебуге арналған орындар жоқ. Бұл мәселені шешуге Испания Олимпиада комитеті көмектеседі.

Сегіз адамнан құралған Морариу комиссиясына Қысқы Олимпиада ойындарын өткізетін орындарды анықтау тапсырылған.


Басты сөздер: Спорт, Олимпиада-2020,
Жоғары қарай