Ауа райы
Астана 1 °С
Алматы 7 °С
валюта бағамы
USD 389.98
EUR 434.01
RUB 6.10
CNY 55.04

Алдымен елге келген бауырларымыздың жағдайын жасауымыз керек - Зауытбек Тұрысбеков

2019 жылдың 1 наурыз 2019 18:27

АСТАНА. ҚазАқпарат - Алдымен елге келген бауырларымыздың жағдайын жөндесек деген ниетпен жұмыс жасап жатырыз. Бұл туралы бүгін Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төрағасының бірінші орынбасары Зауытбек Тұрысбеков айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақта «Елге ел қосылса, құт» деген сөз бар. Елбасының саясатының арқасында 27 жылда 1 млн бауырымыз елге оралды. Олардың біразы үйсіз-күйсіз, жұмыссыз жүрген жағдайы бар. Шет мемлекетте жүрген қазақтардың көбі осы жағдайдың барлығын біледі. Сол себептен алдымен елге келген бауырларымыздың жағдайын жөндесек деген ниетпен біраз жұмыс жасап жатырмыз», - деді З.Тұрысбеков.

Осы ретте ол Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі болып тұрған кезде Өзбекстаннан оңтүстік өңірге 20 мыңға жуық қандасымыз қоныстандырылғанын айтты. Олардың қазір жағдай жақсы, бәрі жұмыспен қамтамасыз етілген. Өткен жылы әр үй жылыжайдан орташа есеппен 12 мың доллар табыс тапқан. Дегенмен, Астанадағы ЭКСПО құрылысына келген 1282 отбасы елордада қалуға шешім қабылдап, үй салуға жер сұраған.

«Содан Аршалы ауданынан 200 гектар жерді сатып алдық. Себебі жер жоқ. 2 жыл төңірегінде құжаттарын реттедік. Енді қазір инфрақұрылымының жобасын дайындап жатырмыз. Бірақ, Аршалы ауданында оған 35 млн теңге табылмай жатыр. Осы мәселе төңірегінде жұмыс істеп жатырмыз. 2000 гектар жерде 1282 коттедж болады. Ал оларды жұмыспен қамту үшін тағы 300 гектар жер алып, оған жылыжай саламыз. Онда гүл, көкөніс өсіріп, Астанаға жеткізуге әрекеттенеміз», - деді ол.

Жоғары қарай