Ауа райы
Астана -23 °С
Алматы 3 °С
валюта бағамы
USD 387.16
EUR 428.47
RUB 6.08
CNY 55.13

Әлем елдері автокөлік қозғалысына шектеу қойып жатыр – ВВС

2019 жылдың 18 қазан 2019 03:09

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Әлем бойынша кейбір қалалар автокөлік қозғалысын шектеген. Мысалы, Венецияда көлік жүрмейді, ал Испанияның Мадрид қаласында, Норвегияның Осло қаласында көлік қозғалысын азайту жоспары қолға алынбақ, деп жазады ВВС.

«Көшеде балалар еркін ойнап, туристер ағылып жатқанын, еш жерде көлік, мотоцикл, автобус жүрмейтінін елестетіп көріңізші. Венециядағы жағдай осындай. Соңғы жүз жылда автокөлік саны күрт артқандықтан, мұндай тыныштықты елестетудің өзі қиынға соғады. Көлік құралдары мобильділікте революция жасағанымен, жол-көлік апатынан қаза тақандар саны мен ауаның ластану көрсеткішін арттырды», деп жазады басылым.

Автордың айтуынша, соңғы жылдары Норвегияның Осло, Испания астанасы Мадрид қалаларының орталығында автокөлік қозғалысына тыйым салу жоспары қолға алынған.

Мақалада осы тақырыпта бірнеше кітап жазған Ханна Маркуссен көшелерді адамдарға қайтарып беру керек деген пікірін білдірген. Оның сөзінше, мұның экологиялық аспектілері де бар. Биліктің жергілікті органдары соңғы онжылдықта ауа сапасының төмендегенін айтқан. Ал көліктерге тыйым салу осы ғана емес, басқа да проблемаларды шешуге септесе алады.

«Автокөліксіз қалалар туралы әлемдік сарапшы Дж.Х. Кроуфорд та автокөліктер қоғамға үлкен қауіп төндіретінін, сонымен қатар әлеуметтік кеңістікті азайтатынын айтқан. Оның ойынша, автокөліктерден бас тарту проблемадан құтылуға көмектеседі», делінген мақалада.

Автор «Автокөліксіз қала құру жоспарын жүзеге асыру мүмкін бе?» деген сұраққа жауап іздейді.

«Қалаларда көлік қозғалысын шектесек, авариялық қызметтер не істемек? Өздері қозғала алмайтын адамдар ше? Манчестер университетінің қаланы жобалау институтының зерттеушілерінің айтуынша, көліктер легін азайту экологияға пайдалы болғанымен, қоғамның өмірін көлік құралдарынсыз елестету мүмкін емес», деп жазады ол.

Автор Айкүміс Болатбек
Басты сөздер: Әлем,
Жоғары қарай