Ауа райы
Нұр-Сұлтан 10 °С
Алматы 19 °С
валюта бағамы
USD 382.38
EUR 428.30
RUB 5.97
CNY 55.39

Әлемде әйелдердің 45 пайызы ғана жұмыс істейді - БҰҰ

2019 жылдың 9 наурыз 2019 19:42 943

АСТАНА. ҚазАқпарат - Еңбек нарығында әйелдердің үлесі ерлерге қарағанда әдеттегідей аз және бұл алшақтық өте баяу жақындап келеді. 2018 жылы әлемде 2 млрд ер адам мен 1,3 млрд әйел жұмыс істеген. Бұл туралы Халықаралық еңбек ұйымының (ХЕҰ) жаңа баяндамасында айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат БҰҰ жаңалықтарына сілтеме жасап.

Баяндама авторлары мемлекеттер шара қолданбаса, жағдай нашарлауы мүмкін екенін ескертеді. Оған сәйкес, өткен жылы әйелдердің 45% астамы ғана жұмыс істеген, ал ер адамдардың жұмыспен қамтылу деңгейі 71% асқан. Сонымен қатар, жаһандық сауалнамаға қатысқан әйелдердің 70% жұмыс істегісі келетінін айтқан, ал ерлердің 66,5% әйелдердің бұл ойын қолдаған.

«Әйелдер ақы төленетін жұмыс істегісі келеді, бірақ оған ақы төленбейтін үй шаруалары жиі кедергі келтіреді. Қандай гендерлік көрсеткіштер мен кедергілерді ескерсек те, бәрі өзгелерге қамқорлық жасау жұмысына байланысты болды. Әлеуметтік нормалар да әлі күнге дейін әйелдерге «күтуші», ерлерге - «табыскер» рөлін таңады», - делінген баяндамада.

Халықаралық еңбек ұйымының (ХЕҰ) мәліметіне сәйкес, баласыз әйелдерге қарағанда, аналарға жұмыс табу өте қиын. Оның үстіне, балалы әйелдерге аз еңбекақы төленеді. Ерлер арасында, керісінше, балаларының өмірге келуі жалақысының көптігін білдіреді.

Сонымен бірге, ХЕҰ сарапшылары ауыр жағдайда және біліктілігі төмен жұмыстарды атқаратындар арасында әйелдердің ерлерден әлдеқайда басым екенін айтады.

Әлем бойынша басшылық орындарда әйелдердің 27% ғана отыр. Соңғы отыз жылда бұл көрсеткіш өзгерген жоқ. Алайда, әйелдер ерлерге қарағанда мансаптық сатыда тез көтеріледі. Көшбасшы әйелдердің жасы лауазымды ер адамдардан шамамен бір жылға төмен. Сонымен қатар, әйел менеджерлер арасында ер басшыларға қарағанда, магистранттар, кандидаттар немесе докторанттар көп.

Халықаралық еңбек ұйымы әлем елдерінің үкіметтерін жұмыс істейтін әйелдерді қолдайтын саясатты жүргізуге шақырады.  Атап айтқанда, қажетті инфрақұрылымды жасау және әйелдердің декреттік демалыстан кейін лайықты жұмысқа тезірек оралуына ықпал етуді ұсынады.

 

 

Жоғары қарай