Ауа райы
Нұр-Сұлтан 13 °С
Алматы 20 °С
валюта бағамы
USD 384.05
EUR 432.79
RUB 5.96
CNY 55.46

Әлемдегі ең көп табыс табатын спортшылар анықталды

2019 жылдың 12 маусым 2019 10:38 595

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Испандық «Барселонаның» шабуылшысы Лионель Месси Forbes журналының нұсқасы бойынша әлемдегі ең көп табыс табатын спортшылар тізімінде бірінші орынға шықты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.

2018 жылдың маусымынан 2019 жылдың маусымына дейінгі аралықта футболшы 127 млн доллар табысқа кенелген.

Екінші орында  бір жыл бұрын жарнамалық келісімдер арқылы аргентиналық спортшыдан асып түскен «Ювентустың» шабуылшысы Криштиану Роналду  (109 млн доллар) келеді.

Үшінші орынға 105 млн доллар табысқа қол жеткізген «ПСЖ» шабуылшысы Неймар шықты.

Төртінші орында - боксшы Канело Альварес (94 млн.доллар),  ал теннисші Роджер Федерер (93,4 млн. доллар) бесінші.

Ең табысты спортшылардың ондығына 89,5 және сәйкесінше 89,3 млн доллар тапқан америкалық футболдың ойыншылары Расселл Уилсон мен Аарон Роджерс, сондай-ақ баскетболшы Леброн Джеймс (89 млн), Стефен Карри (79,8 млн) және Кевин Дюран (65,4 млн) кірді.

 

 

Басты сөздер: Әлем, Спорт,
Жоғары қарай