Ауа райы
Астана -4 °С
Алматы 2 °С
валюта бағамы
USD 389.34
EUR 428.78
RUB 6.05
CNY 55.45

Әлемдегі ең үлкен ұшақ 400 млн долларға сатуға қойылды

2019 жылдың 16 маусым 2019 06:10

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Әлемдегі ең үлкен әуе кемесі атанған Stratolaunch эксперименттік катамаран ұшағын 400 миллион долларға сату жоспарланып отыр, деп хабарлайды CNBC телеарнасы дереккөзге сілтеме жасап.

Stratolaunch орбитаға зымыранды ұшыруға арналған. Телеарнаның мәліметтеріне қарағанда, бағаға ұшаққа ие болумен қатар, зияткерлік меншік және жобаға байланысты инфрақұрылым да кіреді.

Еске сала кетсек,сәуірде Stratolaunch АҚШ-тың оңтүстік батысындағы Мохаве шөлінің үстімен ұшып өткен еді. Сынақ кезінде әуе кемесі 5 шақырымнан жоғары биіктікке көтеріліп, сағатына 304 шақырым жылдамдықты бағындырды.

Stratolaunch әуе кемесін жабдықтау 2017 жылы аяқталды. Оның қанат құлашы 117,3 метр. Бұл ұшақ құрылысындағы абсолютті рекорд. Ал салмағы 226,8 тонна. Оған Boeing 747-нің алты қозғалтқышы және 28 доңғалағы орнатылған.

Басты сөздер: Әлем, Көлік,
Жоғары қарай