Ауа райы
Астана -4 °С
Алматы 12 °С
валюта бағамы
USD 389.98
EUR 434.01
RUB 6.10
CNY 55.04

Әлемдік діндер съезінің әнұраны жазылуы мүмкін

2019 жылдың 18 қыркүйек 2019 11:27

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада өтіп жатқан Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі XVIII хатшылығының отырысында съездің әнұраны шығару туралы ұсыныс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің әнұранын шығарту туралы өте қызықты шығармашылық ұсынысты жария еткім келіп отыр. Ұсыныс Ачария ( «Сомайя Бахаратия Санкрити Питам» үнді мәдени орталығының директоры - Кала Дхананджей Ачария) ханым тарапынан түсті. Ұсыныс өте қызықты. Осы ұсыныс қолдау тауып жатса, онда біз осы бағытта жұмыс істер едік», - деді отырыс барысында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Марат Әзілханов.

Айта кетейік, бүгінгі отырыста Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VI Съез қорытындылары мен Хатшылық қызметінің келешегі бойынша пікір алмасылуда. Содан кейін 2021 жылғы Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII Съезін өткізу бойынша ұсыныстар талқыланып жатыр.


Жоғары қарай