Ауа райы
Астана -2 °С
Алматы -2 °С
валюта бағамы
USD 432.55
EUR 470.83
RUB 5.84
CNY 61.31

Әлемге киберсоғыс қаупі бар ма

2020 жылдың 16 ақпан 2020 22:38

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Компьютерлік шабуылдардың артында мемлекеттер қолданатын қылмыстық топтар тұрады. Яғни, киберсоғыс сценарийі болуы әбден мүмкін деуге негіз бар, деп жазады Le Figaro басылымы.

«Кибершабуылдар инфрақұрылымға кері әсер еткенімен, әзірге қоғам мен экономикаға ықпал ете алмады. Бірақ, бұл уақыттың еншісінде. Болашақта кибершабуыл мен жасанды интеллект біріксе, не болатынын елестетіп көріңіз», - деп жазады автор.

Оның айтуынша, әлем елдерінің әскері болашақ киберсоғысқа дайындалып жатыр.

«Киберсоғыс қаупі жоғары. Ол негізінен кибершабуылдарға байланысты. Әсіресе, жүйелерді бұғаттап, «кепілге алып», сол үшін ақша сұрау қаупі жоғары», - дейді мамандар.

Мамандар киберқылмыс пен киберқарудың арасындағы айырмашылық біз ойлағаннан да аз екенін айтады.

«Халықаралық қауымдастықтар кибершекараға байланысты келісімге келе алмай жатыр. Сонымен қатар киберсоғыс алаңы қандай болады деген мәселені де нақтылап алу керек», - делінген мақалада.


Автор Айкүміс Болатбек
Басты сөздер: Әлем,
Жоғары қарай