Ауа райы
Астана 10 °С
Алматы 15 °С
валюта бағамы
USD 443.50
EUR 479.47
RUB 5.79
CNY 62.51

Әлемнің 20 елінде 988 адам коронавирус жұқтырған

2020 жылдың 19 ақпан 2020 18:38

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Әлемнің 20 елінде 988 адам коронавирус жұқтырған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2020 жылдың 19 ақпанында Қытайда коронавирус инфекциясының жаңа түрін жұқтырғандар саны 72 528-ге жетті. Оның ішінде 1 868 адам қайтыс болды. 12 552 адам жазылып шықты. Хубэй провинциясының 16 қаласында карантин жарияланды. Сонымен бірге, әлемнің 20 елінде 988 науқас анықталды», - деді ҚР ДСМ Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті төрағасының орынбасары Нұрқан Сəдуақасов Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

Қазақстан Республикасы аумағында ауру жұқтырғандар жоқ.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта Қытайда ауру жұқтырғандар саны азайып келеді. Күн сайын науқастар саны орта есеппен 2,8% артады.

Бұған дейін ҚР Бас санитарлық дәрігерінің қаулысы шыққан еді . Оған сәйкес, карантин тәртібін бұзғандар ҚР Әкімшілік құқықбұзушылықтар кодексінің 462-бабымен жауапкершілікке тартылады.


Жоғары қарай