Ауа райы
Астана 29 °С
Алматы 35 °С
валюта бағамы
USD 384.87
EUR 432.52
RUB 6.11
CNY 55.95

Әлеуметтік нысандардың жобаларын ерекше қадағалау керек - Наталья Годунова

2019 жылдың 20 маусым 2019 12:23 1184

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Парламенті  палаталарының бірлескен отырысында Есеп комитетінің төрайымы Наталья Годунова әлеуметтік нысандардың құрылысын қатаң бақылауды сұрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның сөзіне қарағанда, бюджеттік қаржы есебінен салынатын нысандардың сметалық құнын оңтайландыру елеулі резерв болады. Бірінші кезекте, әлеуметтік нысандарға мән беру керек.

«Қазіргі кезде әзірленген және сараптамадан өткен жобалық-сметалық құжаттардың тек 32 пайызы жүзеге асырылады. Қалғандары үш жылдық кезеңде сұранысқа ие болмайды. Кейіннен олар күші жойылған деп танылады немесе қосымша бюджеттік қаржыны бөлу арқылы пысықтауға жіберіледі», - деп тоқталды Годунова.

Оның сөзіне қарағанда, жобасы жағынан бірдей әлеуметтік нысандар көбіне құны бойынша әртүрлі болып жатады. Сонымен қатар, осы қымбатқа түскен нысандардың артықшылығы да көрінбейді.

Оның сөзіне қарағанда, жеке сараптама барысына осы нысандардың барлығына оңтайлы қорытынды беріледі.

«Бүгінде елімізде 144 сараптамалық ұйым тіркелген. Оларға қатысты біліктілік талаптарын күшейту керек. Сонымен қатар, орын алған қайшылықтарды жою, құрылыс нормаларын қайта қарастырған жөн және типтік жобаларды пайдалану тәжірибесін кеңейту керек», - деді Наталья Годунова.

 

 

 

 

Жоғары қарай