Ауа райы
Астана -4 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 389.75
EUR 434.26
RUB 6.12
CNY 55.05

Әлихан Смайылов балаларға Үкіметтің қызметі туралы айтып берді

2019 жылдың 1 қыркүйек 2019 15:28

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары- Қаржы министрі Әлихан Смайылов білім күніне орай Нұр-Сұлтан қаласындағы №22 мектеп-гимназияның оқушыларына азаматтық және патриотизм тақырыбында сабақ өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ә.Смайылов балаларды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, өмірдегі ең қызықты кезең, баға жетпес білім мен дағдыларды игеру уақыты, сондай-ақ нағыз достарды кезіктіретін шақ-мектептегі кезең екенін атап өтті.





Ол сабақ барысында Үкіметтің қызметі туралы және Қаржы министрлігіне жүктелген маңызды мәселелер туралы айтты. «Қазіргі уақытта сәттілікке жету үшін үнемі үйреніп, өзінді-өзің жетілдіріп отыруың тиіс. Біз ойлауды және шешім қабылдауды, интеллектуалды және рухани бай тұлға болуды үйренуіміз қажет. Ал өз елінің патриоты болу үшін тарихты оқып, ата-бабаларыңызбен мақтана білуіңіз керек. Оларға лайықты болуға ұмтылу маңызды», - деді Ә.Смайылов оқушылармен әңгіме барысында.





Балалар өз кезегінде қонаққа қызықтырған сұрақтарын қойды.

Кездесу соңында Ә.Смайылов оқушыларға оқуда сәттілік, білімге деген құштарлық пен мақсатқа жетуде табандылық тіледі.








Жоғары қарай