Ауа райы
Астана -3 °С
Алматы 15 °С
валюта бағамы
USD 389.98
EUR 434.01
RUB 6.10
CNY 55.04

Алик Шпекбаев апта сайын жеке қабылдау өткізеді

2019 жылдың 12 қыркүйек 2019 19:41

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев апта сайын жеке қабылдау өткізетін болды. Бұл туралы ҚазАқпарат Агенттіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет аталған кезеңде азаматтардың жеке мәселелері бойынша 621 қабылдау өткізді.

«Төраға өтініштерді уақтылы қарау маңыздылығын ескере отырып, өзінің азаматтарды жеке қабылдау санын айына 1-еуден апта сайынғы қабылдауға көбейту, ал төрағаның орынбасарлары, құрылымдық және аумақтық бөлімшелер басшыларының күнделікті негізде қабылдауытуралы шешім шығарды. Бұдан бөлек, жұртшылықпен тікелей және кері байланыс үшін Call-орталық 1424 тұрақты түрде жұмыс жасауда, онда азаматтарға ақпараттық-консультациялық қолдау көрсетіледі. «Электронды үкімет» порталында Төрағаның жеке блогы, Агенттіктің және төрағаның, аумақтық департаменттер мен олардың басшыларының әлеуметтік желілердегі парақшалары, сондай-ақ Төрағаның жеке электронды поштасы жұмыс істейді»,- делінген хабарламада.

Сондай-ақ, бүгінгі күннен бастап Агенттік басшылығы «Ашық диалог» порталында онлайн режимінде азаматтарды қызықтыратын мәселелер бойынша ай сайын интернет-конференциялар өткізетін болады.


Жоғары қарай