Ауа райы
Астана 26 °С
Алматы 24 °С
валюта бағамы
USD 386.34
EUR 427.25
RUB 5.88
CNY 54.57

Алматы әкімдігі Бақытжан Сағынтаевтың жалған аккаунттары пайда болғандығын хабарлады

2019 жылдың 13 шілде 2019 15:58 250

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы әкімдігі БАҚ пен әлеуметтік желі қолданушыларын Бақытжан Сағынтаевтың тек ресми аккаунттарында жарияланатын ақпараттарды қолдануға шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Әлеуметтік желілерде Бақытжан Сағынтаевтың фэйк аккаунттарының пайда болуына байланысты, мынаны хабарлаймыз: оларда жарияланған кез келген ақпарат Алматы қаласы әкімінің ресми ұстанымы емес. БАҚ пен әлеуметтік желі қолданушыларын Бақытжан Сағынтаевтың Twitter, Facebook пен Instagram желілеріндегі тек ресми аккаунттарында жарияланатын ақпараттарды қолдануға шақырамыз», - деп хабарлады қалалық әкімдікте.

Қазіргі уақытта әкімдіктің қоғаммен байланыс қызметі Алматы әкімі аккаунттарының ресми верификация алуымен айналысып жатыр.

Автор: Еламан Тұрысбеков

Басты сөздер: Алматы, Әкім, Интернет, БАҚ,
Жоғары қарай