Ауа райы
Астана -24 °С
Алматы -3 °С
валюта бағамы
USD 388.07
EUR 427.54
RUB 6.08
CNY 55.36

Алматы әкімдігі инвестициялық жобаларға 2 млрд доллар жұмылдырады

2019 жылдың 8 қазан 2019 11:01

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Электрондық үкімет порталында кәсіпкерлікті дамытудың «ALMATY BUSINESS – 2025» аймақтық бағдарламасының жобасы жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Құжатта көрсетілгендей, Инвестицияларды тарту бойынша ұлттық инвестициялық стратегияны тиімді іске асыру мақсатында «Алматы» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының» жұмысы жетілдіріліп, оның жанынан Almaty Invest толықформатты инвестициялық блогы құрылды.

ӘКК аясында Almaty Invest инвестицияларды тартудың, қаладағы ірі және орта инвестициялық жобаларды дамытуға қолайлы жағдай туғызудың негізгі қозғаушы күші болады. Almaty Invest-тің басты міндеті - «бір терезе» қағидаты негізінде бір орталықта барлық қызметтерге «идеядан бастап іске асыруға дейін» қолдау көрсетеді. Ірі жобаларды назарға алады. Сондай-ақ, бизнесті іске асыру үшін инвесторларға жағдай жасайды.

Алдағы үш жылда 50-ден астам инвестициялық жобаны жүзеге асыру үшін 2 миллиард доллар инвестиция тарту жоспарлануда. Бұл қаржы көлік және логистика, өнеркәсіп, туризм, жылжымайтын мүлік, инфрақұрылым, құрылыс, сауда, білім беру және денсаулық сақтау салаларына жұмсалатын болады.

Әлеуметтік саладағы жобалар мемлекеттік-жекешелік әріптестік бойынша жүзеге асырылады. МЖӘ аясында бес жылда құны 500 миллион АҚШ долларынан аз болмайтын 15-тен астам жобаны іске қосу көзделіп отыр.

Жоғары қарай