Ауа райы
Астана -19 °С
Алматы -6 °С
валюта бағамы
USD 387.37
EUR 428.55
RUB 6.06
CNY 55.06

Алматы әкімдігі жылу желісінің жарылу себебін түсіндірді

2019 жылдың 14 қазан 2019 15:12

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы әкімдігі жылу желісінде болған апаттың себебін түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, 14 қазанда 12:05-те ЖЭО-2 стансасынан ыстық су сағатына 3800 тоннадан 4200-ге артқан кезде құбыр жарылып кеткен.

12:27-де қалалық ТЖД Бөкейханов Райымбек көшелерінің қиылысында батысқа қарай тұста құбыр жарылғаны туралы хабарлама түсті.

Апатты жағдайды ауыздықтау үшін «АлТС» апатты қызметінің қызметкерлері, 18 адам мен 9 техника жұмылдырылды.

Автор Гүлмира Ғосманәли
Басты сөздер: Алматы, Энергетика,
Жоғары қарай