Ауа райы
Астана -2 °С
Алматы -1 °С
валюта бағамы
USD 389.75
EUR 434.26
RUB 6.12
CNY 55.05

Алматы «барахолкасындағы» өрт ауыздықталды

2019 жылдың 6 қыркүйек 2019 17:40

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыдағы «барахолка» базарындағы өрт сағат 17:09-да ауыздықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Алматы қалалық ТЖД «101» пультіне Алатау ауданының солтүстік айналма жолы бойындағы қоймалардың өртенгені туралы хабарлама 6 қыркүйек күні сағат 13:38-де түсті. Өрт сөндіру бригадасы оқиға орнына 3 минутта жетті. Онда жеке құрамнан 64 қызметкер, 20 техника, қалалық ТЖД 115 қызметкері және Алматы полиция департаментінің 16 техникасы, «Алматы тазалық» кәсіпорнының және жасыл экономика басқармасының су тасымалдайтын 15 көлігі тартылды. «Қазавиақұтқару» АҚ КА-32 және Алматы қалалық құтқару қызметінің 109-МИ 8 ұшағы жұмылдырылды»,- деп хабарлайды ТЖД.

Полиция қызметкерлері қоймадағы тауарларды сақтау үшін қоршауға алды. 15 сағат 36 минутта өрт базардың батыс жағында оқшауланды. 16 сағат 10 минутта оңтүстік жағы да ырыққа көнді. 17:09-да өрт толығымен ауыздықталды.

Болжам бойынша, өрт 2200 шаршы метр аумақты шарпыған. Зардап шеккендер жоқ.

Естеріңізге сала кетейік, Алматыда «барахолка» жанып жатыр. Өртті сөндіруге тікұшақтар жұмылдырылып, өрт әуеден сөндірілуде.



Жоғары қарай