Ауа райы
Астана 1 °С
Алматы 7 °С
валюта бағамы
USD 389.81
EUR 430.27
RUB 6.06
CNY 54.91

Алматы циркіне бомба «қойған» ер адам ұсталды

2019 жылдың 27 наурыз 2019 19:34

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда жарылғыш зат туралы жалған хабарлама берген ер адам ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін, сағат 11:35-те «102» номеріне Абай көшесінде орналасқан сауда, ойын-сауық орталығының біріне және Алматы циркі ғимаратына жарылғыш заттар орнатылғаны туралы қоңырау түскен.

Аталған нысандарға полицияның кешенді күштерінің патрульдік жасағы, арнайы бөлімшелердің саперлары және қаланың өзге де шұғыл қызметтері дереу жеткен.

«Ғимараттарды тексеру кезінде жарылғыш заттар табылмады. Жедел операция барысында 54 жастағы ер адам ұсталды. Ол мас күйінде сауда, ойын-сауық орталығының әжетханасында тығылып тұрған жерінен табылды. Анонимді қоңырау шалуға не түрткі болғанын түсіндіре алмады», - деді Бостандық ауданы Полиция басқармасының басшысы Дәурен Өтебаев.

Күдікті Алматы қалалық Наркология орталығына жеткізілді. Факті бойынша ҚР ҚК 273-бабымен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Ол 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Жоғары қарай