Ауа райы
Астана -8 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 385.76
EUR 427.89
RUB 6.04
CNY 54.79

Алматы маңында жер сілкінісі болды

2019 жылдың 27 қазан 2019 14:22

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Алматыдан батысқа қарай 29 шақырым қашықтықта жер сілкінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясына сілтеме жасап.

ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ сейсмикалық стансалар желісі 27 қазан күні Алматы уақытымен 12 сағат 14 минут 05 секундта жер сілкінісін тіркеді.

Зілзала ошағы Алматы қаласынан батысқа қарай 29 шақырым жерде, Қазақстан аумағында орналасқан.

Энергетикалық санаты – 8,2. MPV тербелісі – 3,6. Тереңдігі – 15 шақырым.

Жер дүмпуі Алматыда сезілмеді.

Жоғары қарай