Ауа райы
Астана 3 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 435.54
EUR 473.08
RUB 5.76
CNY 61.64

Алматы маңындағы әуе апаты: 21 адам ауруханада жатыр

2020 жылдың 8 қаңтар 2020 18:32

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы дәрігерлері әуе апатынан зардап шеккендердің жағдайы туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жалпы, Алматы стационарларында, Алматы көпбейіндік клиникалық ауруханасында, Нұр-Сұлтандағы травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институтында 21 науқас емделуде. Олардың екеуі бала. Жансақтау бөлімінде 1 адам жатыр.

Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, барлық зардап шеккендер мен жансақтау бөлімінде жатқан адамның жағдайы тұрақты, бірқалыпты жақсарып келеді.

Айта кетейік, әуе апатының нәтижесінде 69 жолаушы зардап шеккен, оның ішінде 9-ы бала.

Еске салайық, 2019 жылдың 27 желтоқсанында Алматыдан Нұр-Сұлтан қаласына ұшып шыққан 93 жолаушы және 5 экипаж мүшесі мінген ұшақ апатқа ұшыраған болатын. 12 адам қаза тапты.

Кейін Алматы әуежайы «Bek Air» ұшағының құлау уақытының хронологиясын жариялады.


Жоғары қарай