Ауа райы
Астана 9 °С
Алматы 3 °С
валюта бағамы
USD 389.59
EUR 429.06
RUB 6.05
CNY 55.07

Алматы облысында 1300-ден астам полицей оқушылардың қауіпсіздігін қадағалады

2019 жылдың 1 қыркүйек 2019 15:34

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Білім күнінде тәртіп сақшылары Алматы облысының барлық мектептерінде қауіпсіздікті қамтамасыз етті. Бұл жұмыстарға 1300-ден астам полицей жұмылдырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін Алматы облысындағы барлық білім шаңырағында мерекелік шаралар ұйымдастырылды. Полицейлер мерекелік көңіл-күйдің бұзылмауына барынша үлес қосып, оқушылардың қауіпсіздігін жоғары деңгейде қамтамасыз етуге тырысып бақты.





Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, өңір бойынша 1300-ден астам тәртіп сақшысы мектеп маңындағы жолдарда, жаяу жүргіншілер өткелдерінде қызмет атқарды. Биылғы оқу жылында қосымша 130 ақпараттық-ескерту белгілері орнатылып, жолдарға 36 жасанды кедергілер төселді.











«Сондай-ақ жаяу жүргіншілер жолағына оқушылардың 140-қа жуық макеті қойылды. Макеттер көлік жүргізушілерінің қырағылығын арттырып, жылдамдықты төмендетіп, сақ жүруіне ықпал етуде», - дейді ведомство өкілдері.


Жоғары қарай