Ауа райы
Нұр-Сұлтан 6 °С
Алматы 14 °С
валюта бағамы
USD 384.05
EUR 432.79
RUB 5.96
CNY 55.46

Алматы облысында 2025 жылға дейін 98 электр стансасы іске қосылады

2017 жылдың 8 желтоқсан 2017 17:10 8816

ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат - Алматы облысында 2025 жылға дейін 98 электр стансасы салынады. Ал соңғы 7 жылдың ішінде 20 ГЭС іске қосылған. Қазір олардың жалпы қуаттылығы 761 мВт, деп хабарлайды ҚазАқпарат  тілшісі.

Алматы облыстық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық дамыту басқармасының басшысы Әлімжан Тохтасуновтың айтуынша, жүзеге асатын жобалардың құжаттары толықтай дайын.

«Елбасының тікелей тапсырмасына сәйкес, 2020 жылға дейін 32 электр стансасы іске қосылады. Оның қуаты 871 мВт. Ал 2025 жылға таман тағы 46  жобаны жүзеге асырамыз. Осылайша баламалы энергия көздерін пайдалана отырып, Жетісу жеріндегі электр стансаларының санын 98-ге жеткізуді жоспарлап отырмыз. Су, жел, күн және  био энергияны қолданбақ ниеттеміз», - деді  Әлімжан Тохтасунов.

Басқарма басшысының сөзінше, осы жобалар нәтижелі жүзеге асса жалпы  электр қуаты 3700 мВт-қа жетеді. Бұл өз кезегінде өңірдегі энергетикалық тәуелсіздікке қол жеткізіп, өзге аймақтарды  электр қуатымен қамтамасыз етуге жол ашпақ.  

Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өткен  ұлттық телекөпір барысында Алматы облысында Қора су электр стансасы іске қосылды. Нысанның жалпы қуаттылығы 28 мВт. Текелі қаласындағы бұл  ГЭС  қуаты жағынан облыстағы Мойнақ стансасынан кейін екінші орында. Келер жылы  Текелі қаласындағы Шажа өзенінің бойынан тағы бір су электр стансасының құрылысы басталады деп жоспарлануда.

 

 

Жоғары қарай