Ауа райы
Нұр-Сұлтан 10 °С
Алматы 17 °С
валюта бағамы
USD 382.38
EUR 428.30
RUB 5.97
CNY 55.39

Алматы облысында 3 жылыжай өртеніп кетті

2019 жылдың 23 наурыз 2019 19:35 883

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында үш жылыжай өртеніп кетті. Бұл жайында ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахмет айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, бүгін сағат 15-14-те өртке қарсы қызметтіңпультіне Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданына қарасты Бәйтерек ауылдық округінде құрғақ шөптің өртеніп жатқаны туралы хабарлама түскен.



«Желдің күшеюі салдарынан өрт көкөніс өсіретін жылыжайды шарпыған. Өрттен үш жылыжайдың да жанатын құрылымы жанып кетіп, тағы үш жылыжайдың құрылымы жартылай бүлінді. Өрт шарпыған аумақ 1920 шаршы метрді құрады. Сонымен қатар 6 гектар жердің шөп жанды», - деді ресми өкіл.

Н.Нұрахметтің дерегінше, өртті сөндіруге Алматы облыстық ТЖД  жеке құрамының 7 маманы 1 техникасы жұмылдырылған. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ.

 

 

Жоғары қарай