Ауа райы
Астана 21 °С
Алматы 24 °С
валюта бағамы
USD 384.87
EUR 432.52
RUB 6.11
CNY 55.95

Алматы облысында 73,2 шақырым жол жөнделеді

2019 жылдың 18 маусым 2019 08:33 2370

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Биыл Алматы облысында республикалық маңызы бар жалпы ұзындығы 73,2 шақырым автожолда орташа жөндеу жұмыстары 4 учаскеде жүргізіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Республикалық маңызы бар Р-19 «Алматы-Көктал-Байсерке-Междуреченский-Екатеринбург-Алматы» автожолының ұзындығы 29 шақырым жол учаскесінде жөндеу жұмыстары кестеге сәйкес жүріп жатыр. Бүгінде ескі жабындыны фрезерлеу, тегістеуші қабатты төсеу, жолақтарды салу, жол жиегін нығайту және белгі бағаналарын орнату бойынша жұмыстар жүргізілді.

Ал, республикалық маңызы бар А-3 «Алматы-Өскемен» автожолының ұзындығы 18 шақырым учаскесінде жолшылар тас жолдың 76 мың шаршы метр жабынын фрезерлеп, 15 мың  жолда борттық тастар орнатты. Аталмыш жұмыстар «Көкпек-Кеген-Түп» 68-74 км жолдарында да жасалуда. 

Сондай-ақ, Алматы облысындағы А-5 «Ақсай-Чунджа-Көлжат» көлікжолының 90-105 шақырымында орташа жөндеу жұмыстары үшін 800 т қара қиыршық тас дайын. 

«Алматы-Көкпек-Көктал-Қорғас» 137-154 км учаскесінде жолшылар суық ресайклинг әдісі бойынша орташа жөндеу жұмыстары атқарылуда.

Барлық жөндеу жұмыстары уақтылы аяқталады деп жоспарлануда. 

 

 

Жоғары қарай