Ауа райы
Нұр-Сұлтан 22 °С
Алматы 28 °С
валюта бағамы
USD 384.05
EUR 432.79
RUB 5.96
CNY 55.46

Алматы облысында айыппұл төлемеген көліктер айып тұрағына қойылып жатыр

2019 жылдың 2 наурыз 2019 14:29 879

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысының  тәртіп сақшылары жол қозғалысы ережелерін бұзып, салынған айыппұлды төлеуден жалтарған жүргізушілерді анықтау іс-шарасын ұйымдастырды. Сот орындаушыларымен бірлескен іс-шара өңірдің барлық автожолдарында жүргізілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Айыппұл салынған көліктерді «Крис-П» жылжымалы фоторадар кешені айқындады.

«Жыл басынан фото-бейнетіркеу камералары арқылы анықталған жол ережесін бұзу деректері бойынша 34 миллион теңгеден астам айыппұл салынған. Белгіленген мерзімде төленген айыппұл шамамен - 1 миллион теңге. Осыған орай, жеке сот орындаушыларымен бірлесіп, айыппұлдарды мәжбүрлеп өндіріп жатырмыз. Негізінен, «шектеу қойылған» көліктерді іздестіру бойынша жұмыс жүргізілуде. Ескертуді елемеген көліктер арнайы тұраққа қойылады»,- деп мәлімдеді  Әкімшілік полиция басқармасының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы, полиция майоры Владимир Кострицын.

Бір күн ішінде «Алматы-Көкпек-Көктал» және «Алматы-Бішкек» автожолында құқық қорғау органдары 100-ге жуық тәртіп бұзушыны анықтап, кей көліктерді арнайы автотұраққа жіберді.

«Арнайы тұраққа қойылған тәртіп бұзушының автокөлігі салынған айыппұл санкцияларының сомасы толық өтелгеннен кейін ғана иесіне қайтарылады» - деп толықтырды полиция өкілдері.

 

 

Автор: Самал Қабышева
Басты сөздер: Көлік, Заң, Алматы облысы,
Жоғары қарай