Ауа райы
Астана 13 °С
Алматы 19 °С
валюта бағамы
USD 384.06
EUR 429.19
RUB 6.08
CNY 55.83

Алматы облысында бес бірдей тонау оқиғасының ізі суымай ашылды

2019 жылдың 9 мамыр 2019 23:52 807

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысының Талдықорған, Қапшағай қалалары мен Қарасай, Талғар аудандарындағы қарақшылық фактілері ізі суымай ашылды. Қазір тоналған заттар табылып, заңды иелеріне қайтарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

"Екі фактіде қарақшылар дүкенді тонаған. Тағы екі жағдайда әйел адамға күш көрсетіп, сөмкесімен қоса ұялы телефонын тартып алған.Ал бесінші факті Талғар ауданының Кеңдала ауылында тіркелді. Ол жерде ұрылар  жер үйге кіріп, құбырларды, сондай-ақ бау-бақша саймандарын қолды қылған",-деп мәлім етті облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Қазір осы фактілерге орай ҚР ҚК 191 "Қарақшылық"бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Полицейлердің мәліметінше, осы айда күдіктілердің қылмыстық ісі сотқа жөнелтіледі .

 

 

Автор Самал Қабышева
Басты сөздер: Оқиға, Қылмыспен күрес,
Жоғары қарай