Ауа райы
Астана -17 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 383.95
EUR 429.26
RUB 6.16
CNY 55.02

Алматы облысында граната сатумен айналысқан қылмыстық топ мүшелері сотталды

2019 жылдың 12 қараша 2019 13:16

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында қару-жарақ өткізген үш адам сотталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Биылғы 6 тамызда Алматы облысы Кербұлақ ауданының соты РГД-5 жауынгерлік гранаталарын және оның тұтатқышын өткізумен айналысқан бір топ адамға қатысты үкім шығарды.




«Топ мүшелері ҚР ҚК 287-бабы 4-бөлігі, 361-бабы 1-бөлігінде көзделген қылмыстарды жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 3 жылдан 3,5 жылға дейін бас бостандығынан айырылды. Олар жазасын ҚАЖ қауіпсіздігі орташа мекемесінде өтейді» делінген хабарламада.

Биылғы мамырда ҰҚК Алматы облысы бойынша департаменті жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатуға қатысы бар көрсетілген топтың құқыққа қайшы әрекетінің жолын кескен болатын.

Автор Самал Қабышева
Басты сөздер: Заң, Сот, Алматы облысы,
Жоғары қарай