Ауа райы
Астана 8 °С
Алматы 5 °С
валюта бағамы
USD 432.55
EUR 470.83
RUB 5.84
CNY 61.31

Алматы облысында масаң күйде көлік жүргізген 128 адам ұсталды

2020 жылдың 18 ақпан 2020 18:10

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысының полицейлері жыл басынан бері тіркелген құқық бұзушылықтарға талдау жасап, жиі кездесетін ұсақ құқық бұзушылықтардың тізімін жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мүлдем төзбеушілік» қағидаты аясында ағымдағы жылдың бір жарым айында 38 мың 409 әкімшілік құқық бұзушылық жасалған. Тәртіп бұзған тұлғаларға тиісті хаттамалар толтырылып, салынған әкімшілік айыппұлдың жалпы сомасы 190 миллион 935 мың теңгені құрады»,- деп мәлімдеді Алматы облысы ПД баспасөз қызметі.

Облыстық полицейлер таратқан ақпаратқа сәйкес, жол ережелерін сақтамау жиі тіркеледі. Оның ішінде, жаяу жүргiншiлердiң жолды белгіленбеген жерден қиып өтуінің 1900 жуық, көлік руліндегі жүргізушінің телефонды пайдалануының - 678, жылдамдық тәртібін сақтамаудың 3 мыңнан астам дерегі тіркелген. Олардың арасында қауіпсіздік белдігін тақпаған немесе жаяу жүргіншіге жол бермеген көлік иелері де бар.

Сонымен қатар, белгіленбеген орындарда сауда жасаған, қоғамдық орындарды ластаған немесе қоғамдық орындарда ішімдік ішіп, масаң күйде жүрген азаматтар да қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін айыппұл арқалаған.

Айта кетейік, тәртіп сақшылары бұған дейін арнайы шара барысында түнде үлкендерсіз жүрген 600-ге жуық жасөспірімді анықтады.

Жоғары қарай