Ауа райы
Нұр-Сұлтан 23 °С
Алматы 27 °С
валюта бағамы
USD 382.38
EUR 428.30
RUB 5.97
CNY 55.39

Алматы облысында өрт сөндіруші науқас баланы аман алып қалды

2019 жылдың 18 наурыз 2019 21:10 794

ТАЛДЫҚОРҒАН.  ҚазАқпарат - Алматы облысының Балпық би ауылында өрт сөндіруші «құрысу синдромына» ұшыраған жасөспірімнің өмірін сақтап қалды. Оқиға құтқарушының тұрғын үй секторын аралау барысында болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға Көксу ауданының орталығы Балпық би ауылында 6 наурыз күні болған. Өрт сөндіруші Нұржан Сапаш Жексембаевтар отбасының үйіне келіп, есікті қаға бастайды. Дәл осы сәтте 2004 жылы туған Темірлан ұйқыда денесі құрысып жатқан. Есік қағысынан алдымен Темірланның ағасы бірінші оянған. Ұстамасы басталған інісін көріп, есі шығып дереу көмек шақырған.

«Осы сәтте №32 өрт сөндіру бөлімінің қызметкері алғашқы медициналық көмек көрсетті. Қарысып қалған аузын ашып, тілін жұтқызбай, тыныс алу жолдарын босатқан. 1998 жылы туған Нұржан Сапаштың  төтенше жағдайда абдырап қалмай, батыл әрекет етуінің арқасында адам өмірін сақтап қалды. Бұл өзге әріптестеріне үлгі»- дейді, сала мамандары.

 

 

 

Жоғары қарай