Ауа райы
Астана 29 °С
Алматы 37 °С
валюта бағамы
USD 383.98
EUR 430.63
RUB 6.11
CNY 55.83

Алматы облысында шомылуға рұқсат етілген 11 орын анықталды

2019 жылдың 18 маусым 2019 23:27 546

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысы әкімінің қаулысымен 2019 жылға шомылуға рұқсат етілген 11 орын анықталды. Олардың қатарында Алакөл, Балқаш көлі, Қапшағай су қоймасы сынды ірі жағажайлар бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шомылуға рұқсат етілген жағажайлар тізімі:

- Талдықорған қаласындағы Қаратал өзеніндегі қалалық жағажай; Алакөл ауданындағы Алакөл көлінің жағалауындағы жағажайлар (Ақши ауылы);  Сарқан ауданындағы Балқаш көлі жағалауының жағажайлары (Лепсі ауылы); Текелі қаласындағы ашық жүзу бассейні; Қапшағай су қоймасының оңтүстік-батыс жағалауындағы жеті жағажай.

Айта кету керек Алматы облысының қалған жабдықталмаған барлық су айдындары қауіпті болып саналады және оларда шомылуға тыйым салынады.

Сондай-ақ жазатайым оқиғалардан қорғау үшін Төтенше жағдайлар департаменті облыс азаматтарын судағы қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады. Мамандардың айтуынша, адамдар тек жабдықталған жағажайларда және суға шомылу үшін арнайы рұқсат және құтқару қызметі бар жерлерде шомылу керек. Сонымен қатар түнде, мас күйде шомылуға болмайды. Қайықтан, катерлерден және басқа да жүзу құралдарынан суға секірмеу керек, көпірлерден, бөгеттерден, айлақтардан да суға секіру қауіпті.

Балаларды үлкендердің қарауынсыз жағада қалдырмау керек.

Айта кетерлігі, жағалаудан алысқа, сондай-ақ қоршау белгілерінен (буилерден) жүзуге болмайды, желдің, толқынның, қатты жаңбырдың және т. б. күшеюі туралы дауылды хабарламалардың хабарландырулары кезінде шомылу қауіпті. 

 

 

Жоғары қарай