Ауа райы
Нұр-Сұлтан 21 °С
Алматы 24 °С
валюта бағамы
USD 382.38
EUR 428.30
RUB 5.97
CNY 55.39

Алматы облысында түрмеде төбелес шығып, жазасын өтеушілердің бірі мерт болды

2019 жылдың 18 наурыз 2019 20:45 785

АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматы облысында қауіпсіздігі жоғары мекемеде жазасын өтеуші мерт болды,  деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ІІМ Қылмыстық атқару жүйесінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

«17 наурыз күні Алматы облысындағы қауіпсіздігі жоғары мекемеде жанжал шығып, соңы төбелеске ұласты. Төбелес кезінде жазасын өтеушілердің бірі екеншісіне дене жарақатын салып, соның салдарынан жарақат алған адам мерт болды»,-делінген хабарламада.   

Аталған оқиға сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестріне тіркелді. Осы уақытта оқиға бойынша тергеу жүріп жатыр.   

 

Жоғары қарай